$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды

Мәйіттен зорлық-зомбылық іздері байқалмағаны айтылады.

Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлог өлі күйінде табылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚазТАГ ғаламтор желісінде "4 желтоқсанда сағат 21.25-те «За рулем» гараж қоғамының гаражында тұрған «ВАЗ-21099» автокөлігінің салонынан Видлог Сергейдің мәйіті табылды", - деген хабар тарап жатқанын жазған. 

Мәйіттен зорлық-зомбылық іздері байқалмағаны айтылады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ  тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары