$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұз ЖЭО бастығы өлімінің алдын ала себебі аталды

Оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған.

Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығы өлімінің алдын ала себебін атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде көліктен өлі табылған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, бұл дерек Екібастұз Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған. Бірқатар сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.

Сонымен қатар, қызметкерлер полицияның ішкі құжаты әлеуметтік желілерде қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

"Полицияның ішкі құжатын тарату дерегі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деп атап өтті Екібастұз ПБ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылғаны, өлімнің себептерін полицейлер анықтайтыны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары