$ 448.56  478.03  4.79

Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

Бүгін су береміз, ертең таңертең береміз" деп бос уәде берудің қажеті жоқ, тек сұрақтан қашу.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласын жылу және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ноғаев "МАЭК-Қазатомөнеркәсіптегі" жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, онда бұған дейін жөндеуге байланысты ауыз су беру қысымы төмендеген болатын.

"Жағдайға нақты талдау жасалуы керек, сондықтан жауапты тұлғаларға "МАЭК" кәсіпорнының жұмысын күнделікті бақылауды тапсырамын. Халық ыстық судың тоқтатылу себебі неде екенін білуі керек. "Бүгін су береміз, ертең таңертең береміз" деп бос уәде берудің қажеті жоқ, тек сұрақтан қашу. Үлкен мәселе болмауы үшін, жағдайды кешенді түрде шешу керек. Бұл жағдай коммуналдық қызметтер мен уәкілетті органдардың жұмысындағы үйлестірудің нашарлығынан", - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровқа, қала әкімі Ербол Ізбергеновке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевқа, "МАЭК" ЖШС бас директоры Талғат Есентүгеловке және оның орынбасары Мұрат Игалиевке сөгіс жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары