Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығы өлімінің алдын ала себебін атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде көліктен өлі табылған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, бұл дерек Екібастұз Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған. Бірқатар сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.
Сонымен қатар, қызметкерлер полицияның ішкі құжаты әлеуметтік желілерде қалай пайда болғанын анықтап жатыр.
"Полицияның ішкі құжатын тарату дерегі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деп атап өтті Екібастұз ПБ өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылғаны, өлімнің себептерін полицейлер анықтайтыны хабарланған болатын.