$ 444.22  476.38  4.82

Әлем чемпионатындағы сенсация: Марокко Испанияны жеңіп кетті

Марокко биыл әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1986 жылы 1/8 финалға дейін жеткен еді.

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының төртінші ойын күнінде Марокко мен Испания құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі құрама өзінің тарихында үшінші мәрте кездесіп отыр. Біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде испаниялық футболшылар басым түсті.

Кездесу барысында қос құраманың да гол соғатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Дегенмен оны сәтті пайдалана алған жоқ. Бірінші және екінші кезеңде жеңімпаз анықталмады.

Қосымша екі кезеңде де құрамалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Пенальти тебуде Марокко мүлт кеткен жоқ. Осылайша олар тағы бір мәрте сенсация жасады. Жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, 6 желтоқсанда елорда уақытымен 1.00-де Португалия мен Швейцария кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Испания құрамасы соңғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Жарыстың аталған сатысында пенальтиден Италияға жол беріп қойды.

Марокко биыл әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1986 жылы 1/8 финалға дейін жеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары