Жаңалықтар 08.12.2022 сағат 07:30

Тұман, көктайғақ: 3 облыста ескерту жарияланды

Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Тұман, көктайғақ: 3 облыста ескерту жарияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

8 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

8 желтоқсан күні күндіз, 9 желтоқсан күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады. 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Тараз қаласында 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар