$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік Түркия жағалауында жиналып қалған мұнай танкерлеріне қатысты түсініктеме берді

Сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр.
Фото: finance.yahoo.com
Фото: finance.yahoo.com

Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғаздарында мұнай тиеген танкерлер жиналып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін халықаралық және қазақстандық БАҚ-та Қазақстанның мұнайын тиеген танкерлер Түркия жағалауында бірнеше күн бойы қаңтарылып тұрғаны туралы мәлімет шыққан болатын. Ведомство осыған байланысты түсініктеме берді.

«Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту уақыты 6 күнге жетті. Қыс мезгілінде бұл қалыпты жағдай. Былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту уақыты шамамен 14 күн болған. Сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Еске салсақ, 5 желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия