Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғаздарында мұнай тиеген танкерлер жиналып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін халықаралық және қазақстандық БАҚ-та Қазақстанның мұнайын тиеген танкерлер Түркия жағалауында бірнеше күн бойы қаңтарылып тұрғаны туралы мәлімет шыққан болатын. Ведомство осыған байланысты түсініктеме берді.
«Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту уақыты 6 күнге жетті. Қыс мезгілінде бұл қалыпты жағдай. Былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту уақыты шамамен 14 күн болған. Сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама.
Еске салсақ, 5 желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енді.