$ 487.37  532.94  5.09

Астанада сабақтан қашқысы келген оқушы мектепке «мина қойылды» деп хабарлаған

Жалған ақпаратты осы мектептің 13 жасар оқушысы таратқаны анықталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордада жасөспірім мектепте "мина қойылды" деп полицияға жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

"5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіптің беті қайтарылды", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпаратты осы мектептің 13 жасар оқушысы таратқаны анықтады. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді.

Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары