$ 447.4  477.55  4.76

Жетісу тұрғыны жанып жатқан үйден үш баланы құтқарды

Балалар мен олардың ата-анасын өрттен аман-есен алып шыққан қаһарман Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы болып шықты.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Панфилов ауданындағы Үлкен ауылында жер үй өртеніп кетті. Үйдің жанып жатқанын көрген ер адам өрт сөндірушілер келгенге дейін ішінен үш баланы сыртқа алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 7 желтоқсан күні сағат 21:40-та болған. Өрт 22:22-де сөндірілген. Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Үйдің өртеніп жатқанын көрген ер адам өрт сөндірушілерге хабар беріп, олар келгенге дейін жанып жатқан үйдің балалар бөлмесінен 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы шығарған. Сондай-ақ үйде ұйықтап жатқан балалардың ата-анасын да үйден шығаруға көмектескен. Екі газ баллонын сыртқа алып шығып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Балалар мен олардың ата-анасын өрттен аман-есен алып шыққан қаһарман Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы болып шықты. Ол жұмысынан бос уақытында үйінде болған. Өрттің алдын ала себебі - қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары