$ 498.34  519.72  4.85

Ресейлік «Зенит» футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп петерборлық "Зенитпен" ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Stan.kz.

22 жастағы футболшы бұған дейін ресейлік клубта жалға ойнаған, ойыншының өзі алматылық "Қайратқа" тиесілі болған.

"Нұралы Әліп "Зенитте" қалды. Оның келісімшартын "Қайраттан" Санкт-Петербург клубы сатып алды. Енді Қазақстан құрамасының қорғаушысына қатысты барлық құқықтар Ресей чемпиондарына тиесілі. Келісімшарт мерзімі 4 жыл (3+1).

Келісімнің қаржылық мәліметтерін әзірге айта алмаймын, бірақ жақын арада Қайраттың өзі жариялайды деп ойлаймын. Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле.

Сондай-ақ, Мәскеуде орналасқан тағы бір РПЛ клубы Әліпке қызығушылық танытқанын айта кетейін. Ал оның Әзірбайжан чемпионатына өтуі мүмкін деген әңгіменің бәрі шындыққа сәйкес келмеді", - деп жазады СпортРадар.kz Telegram-арнасы.

Transfermarkt Әліпті бір миллион 200 мың еуроға бағалайтынын және Зениттің несие мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын қосамыз. Ал "Қайратпен" келісімшарт мерзімі 2023 жылдың соңына дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#футбол