$ 481.84  531.33  5.07

Қарағанды ​​облысында Қарттар үйінің қызметкерлері сотталды

Өз бетінше қозғала алмайтын және ақшасын шеше алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған.

Қарағанды ​​облысы Абай ауданында Қарттар үйінің директоры мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Айпталушылар қатарында пошта қызметкері де болған.

Абай аудандық сотында екі әлеуметтік қызметкер мен қарттар үйінің директорына, сондай-ақ пошташыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әлеуметтік қызметкерлер қылмыстық келісімге келіп, өз бетінше қозғала алмайтын және ақшасын шеше алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған.

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін олар ақша әкеліп тұратын "Қазпошта" қызметкерін тартқан. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлықтағы қарттардың зейнетақысын алып, қағаздарға жалған қолтаңбалар қойған.

Кейін мемлекеттік мекеме директоры өз қызметкерлерінің заңсыз схемасын біліп қойған. Ол қоластындағылардың әрекетін тоқтатудың орнына, олармен тіл табысып, өз үлесін алуды ұйғарған.

Нәтижесінде Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі. Ұсталғаннан кейін заңсыз әрекетке қатысқандар кінәсін мойындаған.

Үш тұлғаға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Мекеме басшысы ұрланған мүлкінің он еселенген мөлшерінде айыппұлмен құтылған. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды