$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді»: Желіде ақпарат тарады

Таратылған ақпаратта, бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz. 

Хабарды таратушылар бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады.

Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе - адамдарға қаражат төленетін валюта - лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.

Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.

"Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.

Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады", - деп жазған басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ақпарат #ақша