$ 481.84  531.33  5.07

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Екі жауынгердің сүйегі Ресейде екі бөлек жерде табылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Астанада Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған екі қазақстандық жауынгердің сүйегін туыстарына тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

80 жыл бұрын соғысқа кеткен Сапарбай Имахаев пен Дажекбай Күлтасов із-түзсіз жоғалған еді. Имахаев 1939 жылы Оңтүстік Қазақстаннан (қазіргі Жамбыл) әскерге шақырылып, төрт жылдан кейін хабарсыз кетті.
Ал Дажекбай Күлтасов – Қызылорда облысының тумасы. Ленинград майданында 136-шы атқыштар дивизиясының сапында соғысты. 1942 жылдың қыркүйек айында хабарсыз кеткендердің қатарына қосылды.

Екі жауынгердің сүйегі Ресейде екі бөлек жерде табылды. Сапарбай Имахаевтың сүйегі Новгород облысында жатқан. Ал Дажекбай Күлтасовтың сүйегін Ленинград облысында тапты. Оны сақталған медальон арқылы таныды.

Қазақстан мен Ресей елшіліктері, сондай-ақ, Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі екі жауынгердің туыстарын тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары