$ 482.86  533.17  5.08

Жанқош Тұраров қарсыласымен көз арбасты

Оның қарсыласы Луис Энрике Қазақстанға жеңіс үшін жеткенін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеп, көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ертең мен жеңіс үшін жұдырықтасамын. Көңіл-күй жақсы. Белбеуді өз Отанымда қалдырғым келеді. Ешқандай болжам жоқ. Бұл – спорт, мұнда бәрі болуы мүмкін. Ертеңгі рингтегі кездесу көрсетеді», -деді Жанқош Тұраров баспасөз мәслихатында.

Оның қарсыласы Луис Энрике де Қазақстанға жеңіс үшін жеткенін мәлімдеді. Айта кетейік, испаниялық боксшы Қазақстанға 8 желтоқсан күні ұшып келді.

Еске салайық, 11 желтоқсан күні кәсіпқой бокс шоуының басты жекпе-жегі жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) пен азулы Луис Энрике Ромеро (11-5-1, 7 КО) арасында өтеді. Қауіпті әрі аса тартысты болатын бұл айқаста IBO Intercontinental чемпиондық титулы бәске тігілген.

Луис Энрике өзінің DAZN аясында өткен соңғы жекпе-жегінде мықты румындық ринг шеберін нокаутпен жеңіп, әлемдік Boxrec рейтингіндегі ТОП-60 боксшының қатарына кірді.

Кәсіпқой бокс кешін әйгілі DAZN стримингілік сервисі тікелей трансляцияда жаһанның 100 миллион аудиториясына таратпақ. Бұл – ел спорты тарихындағы елеулі оқиғаның бірі әрі беделді спорт платформасының еліміздегі алғашқы эфирі.

Бокс кешінде Елхан Табынбаев (5-0, 3 КО) пен бразилиялық Матэус Да Сильвамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады.

Ангелина Лукас (2-0, 1 KO) осы кеште танзаниялық мінезді қыз Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) UBO чемпиондық титтулын сарапқа салады.

Бұл бокс кешінің төрінде Әлихан Төленбаев (2-0, 1 КО) пен Адлан Сельмурзаев (4-0, 3 КО) секілді қылыштай жарқылдаған жастар да өнерін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары