2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында кімнің жеңіске жететінін автоматтандырылған компьютер анықтап, болжам жасады.
The Analyst қызметкерлері құрастырған алгоритм арқылы жабдықталған компьютер ӘЧ-да жеңімпаз ретінде Франция жеңіске жетеді деп көрсеткен.
Программаның есептеуі бойынша көрсеткіштер реті мынандай:
Франция – 17,93%,
Бразилия – 15,73%,
Испания – 11,53%.
Қатар – футболдан әлем чемпионатын өткізіп жатқан шағын ел
Футболдан әлем чемпионатын өткізіп жатқан Қатар жер аумағы бойынша шағын және тұрғындар саны аз мемлекет ретінде ерекшеленіп отыр.
Аталған мемлекеттің жер аумағы – 11 586 шаршы шақырым. Бұл жөнінен дүниежүзінде 158-орында тұр. Бұл мемлекетте 2,8 миллион адам тұрады. Ал, 1930 жылы әлем чемпионатын өткізген Уругвай халқының саны сол уақытта 3,5 млн адам болды.
Айта кетсек, дүбірлі додаға барлығы 830 футболшы қатысады. Олар 42 мемлекеттің доп додасында ойын көрсетеді. Арасында Англия біріншілігінен 159 ойыншы Қатар жеріне қадам басты.
Әлем чемпионатындағы ең жасы үлкен және ең жас ойыншылар кімдер
Мексика құрамасының қақпашысы Альфредо Талавер Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында ең жасы үлкен ойыншы саналады.
Биылғы жылдың қыркүйек айында 40 жасқа толған ол ел құрамасының алдағы ойындарында жасыл алаңға шығуы мүмкін. Оның кәсіпқой деңгейде мансабын бастағанына биыл он тоғыз жылдан асты. 2007 жылдан бері ұлттық құрама жейдесінде 33 кездесуде өз қақпасына 18 гол жіберіп алды.
Жасы жөнінен одан кейінгі орындарда португалиялық Пепе мен бразилиялық Дани Алвес бар. Ал 37-жастағы Криштиану Роналду бұл жөнінен сегізінші орынға жайғасқан.
Сондай-ақ, германиялық Юссуф Мукоко 20 қарашада 18 жасқа толып, дүбірлі додадағы ең жас ойыншы болып отыр. Биылғы әлем біріншілігіне 20 жасқа толмаған 18 футболшы келді. Олардың арасында испаниялық Педри, американдық Юнус Муса және ганалық Ибрагим Данлад алғашқы мерейтойын доп додасы барысында атап өтеді.