Қазақстаннан ағаш материалдарының кейбір түрлерін шетелге тасымалдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым 2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап енгізілді. Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді. "Тыйым салу Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы "ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" 690 бұйрығымен енгізілді, ол 2022 жылғы 9 желтоқсанда күшіне енді", – делінген хабарламада. Бұл бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "малынған темір жол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаштардан жасалған шпалдар" кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді.