$ 494.87  520.65  4.91

«Үйде үлкендер болмаған»: Павлодарда жеке үйден өрт шығып, бір жасар сәби көз жұмды

2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды.

Павлодардағы Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Өрт кезінде үйде кішкентай үш бала болған. Сәбилердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 17.57-де 101 пультіне өрт туралы хабарлама түскен. Өрт кезінде үйде ересектер болмаған. "Оқиға орнына келгенде екі кресло, балалар орындығы, 4 шаршы метр алаңда палас, екінші қабатқа көтерілетін ағаш баспалдақ сатысы жанғаны анықталды. Барлау кезінде залда 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды", — дейді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.

Шақыртуға медициналық апаттар орталығының бригадасы шықты. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде 2008 және 2017 жылы туған балаларға "күйзеліске өткір реакция" диагнозын қойды. Қазіргі таңда балалар анасымен бірге. Тілсіз жау сағат 18.47-де жойылды. Өртті жою үшін жеке құрамнан бес техника мен 16 адам жұмылдырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары