$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда әкімнің көлігі көпшіліктің көз алдында өзенге батып кетті

Адамдарға қарай беттей бергенде мұз жарылып, көлік мұз астына батып кетті.

Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің автокөлігі мұзға батты. Аталған жағдай әкім ауыл тұрғындарына мұз қаупі туралы ескертіп жатқан сәтте болды. Қуанарлық жайт ешкім зардап шеккен жоқ.

Ауыл әкімдігі халық мұз үстінде жүрмеуі үшін өзенге ескерту белгілерін қойған. Алайда тұрғындар ескертулерді елемеген көрінеді. Оқиға болған күні әкімдікке адамдар мұз үстінде жүргені туралы хабар келіп түскен. Әкім ауыл тұрғындарына қауіп туралы ескерту үшін өз жүргізушісін орнына жіберген. Жүргізуші көлікті тастап, адамдарға қарай беттей бергенде мұз жарылып, көлік мұз астына батып кетті.

Қостанай облысы ТЖД Байғабыл өзеніне батып кеткен көліктің шығарып алынғанын хабарлады.

kyn.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары