$ 441.66  475.14  4.86

Көлгінов азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

Алтай Көлгінов Үкімет басшының орынбасары ретінде қанша жалақы алатынын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов азық-түлікке ай сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

"Шамамен 300-350 мың теңге жұмсалады. Қаладағы дүкендерден сатып аламыз. Зайыбым сатып алады. Мүмкіндік болса, өзім де аламын", - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов Үкімет басшының орынбасары ретінде қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін жасырмады. 

Ал елорда әкімі ретінде 1,9 млн теңге еңбекақы алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары