$ 489.06  536.21  5.05

Ақтөбеде ауыл әкімін өлтіріп кетті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 желтоқсан сағат 00:50-де болған.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі көз жұмды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық ПД баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовтің қаза болғаны туралы ауыл халқы біледі.

Қарабұлақ ауылы әкімдігіне хабарласқанымызда оқиғаны растады.

Алайда әкімдікте мән-жайды айтып беретін маман жоқ екенін, өздері де нақты хабар ала алмағанын айтты.

«Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі әкім, екіншісі маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нықты білмеймін. Жалпы ауылда негізі 500 адам тұрады»,-деді Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әкімнің пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқанын айтты.

Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 желтоқсан сағат 00:50-де болған.

Алға ауданы ПБ 102 нөміріне шаруа қожалықтарының бірінде адам өлімі тіркелгені туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған. Оның барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған. Оқиғаның салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ернар Махамбетов 1986 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің жетекші маманы болып бастаған.

2014 жылы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында бөлімше басшысы міндетін атқарған.

2019 жылдың 2 сәуір айынан бері Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі болып еңбек етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #әкім