$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада әйел көпірден секіріп мерт болды

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызылордада әйел адам көпірден секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.

«12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада «102» арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары