13.12.2022, 09:40

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Астанаға келді

Фото: ашық дереккөз
Гаутам Аданиды Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды.

Үндістандық Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани Астанаға іссапармен келді. Бұл туралы "Kazakh Invest ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Үндістан делегациясын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сонымен қатар премьер-министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік орган басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. 

Қос тарап логистика, энергетика сынды салалардағы екіжақты серіктестік мәселелерін талқылайды. 

2022 жылдың қарашасында Adani Group-тың қаржы айналымы 280 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанға іссапарын Сыртқы істер министрлігі мен Kazakh Invest Ұлттық компаниясы ұйымдастырды. 

Тегтер: Үндістан бай