$ 439.43  473.31  4.82

Қазақ балетінің аңызы өмірден өтті

Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Фото: wikimedia
Фото: wikimedia

Балет әртісі әрі хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік академиялық би театры мәліметінше, Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болған. Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Болат Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. 1945 жылы ол отбасымен Алматыға көшіп келді. 1955 жылы Алматы хореографиялық училищесін бітірген. 1957 жылы Ленинград академиялық хореографиялық училищесінде (Ю. И. Умрихин сыныбы) жетілдіру курстарын бітірді. 1957-1959 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (Алматы) балет солисі болған.

1964 жылы А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының балетмейстерлік бөлімін (Қазақ КСР Халық әртісі және Кеңес Одағының Халық әртісі Ростислав Владимирович Захаровтың шеберханасында) бітірген.

1964 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Б.Аюхановқа 26 жасында Алматы хореографиялық училищесін көркемдік жетекші ретінде басқаруды ұсынды. 1964-1965 жылдары Абай атындағы опера және балет театрында балетмейстер және биші болып жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары