$ 443.44  480.51  4.88

Жанқош Тұраровтың әлемдік рейтингтегі орны шарықтап кетті

BoxRec рейтингісінде Жанқош өз дивизионы бойынша 242-ші орында тұрған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) Boxrec.com сайтындағы орны титулдық жекпе-жектегі жеңісінен соң айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Жанқош Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, басты кездесудің жетінші раундында внесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутқа жіберіп, бірінші жартылай салмақта IBO Inter-Continental чемпионы белдігін жеңіп алды.

BoxRec рейтингісінде Жанқош өз дивизионы бойынша 242-ші орында тұрған болатын. Мерзімінен бұрын қол жеткізген сенімді жеңісінен ол 45-ші орынға тұрақтады.

Осыған дейін Жанқош Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші жартылай салмақта чемпион болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары