$ 448.89  477.93  4.76

Қызылордада балабақшадан өрт шықты

Бұдан бұрын Қызылорда облысында кен орнында газға уланған екі күзетші көз жұмған еді.

Қызылорда облысында жекеменшік балабақшадан шыққан өрттен 25 бала мен 7 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 13 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Жаңақорған ауданындағы Жаңаарық ауылында болған. Елді мекендегі жекеменшік балабақша шатырының ағаш конструкциясынан өрт шыққан.

«Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 25 бала мен 7 қызметкер қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Сағат 10.29-да өрттің беті қайтарылып, сағат 10.37-да толық сөндірілген. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер 3 техникамен барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, департамент мамандарынан өзге ерікті өрт сөндіру құрылымы, аудандық полиция бөлімінен мамандар жұмыс атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында кен орнында газға уланған екі күзетші көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары