$ 443.72  482.28  4.9

Тоқаев Татарстан президентін қабылдады

Кездесуде ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Рустам Минниханов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Сондай-ақ машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өтті.

Зауыт келесі жылы толық қуатта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 миллион дөңгелек шығарады. Зауытта 1,1 мың жұмыс орнын ашу қарастырылған, инвестиция көлемі – 400 миллион доллар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзара серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды екеніне тоқталып, еліміздегі бірлескен жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары