$ 441.66  475.14  4.86

Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған адамдарға 20 гектар жер берілуі мүмкін

Заң жобасында көшіп барған азаматтарға 20 гектарға дейін өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз жер беру тетігі бар.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған қазақстандықтарға 20 гектар жерді беру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүгінде тиісті өзгеріс заң жобасына енгізіліп, мәжіліс депутаттарының қарауына енгізілді.

"Заң жобасында көшіп барған азаматтарға 20 гектарға дейін өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз жер беру тетігі бар. Бұрын қосалқы шаруашылыққа ары кетсе, 1 гектар, 20-30 сотыққа дейін жер берілетін. Енді, 20 гектар алдымен бес жылға жалға беріледі. Осы уақыттың ішінде өзі бағыт алған межеге сай жұмыс істесе, онда ол жер 49 жылға ұзартылады", - деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұндай жеңілдік оңтүстіктен көшіп барған отандастарға да, қандастарға да таралады.

"Бұл өзгеріс әлі күшіне енген жоқ. Біз ұсыныс енгіздік. Қазір депутаттар қарап жатыр. Жаңа жылдан кейін ақпан айында күшіне енуі керек. Алдағы көктемгі жұмыстар басталған дейін күшіне енетіндей әрекет жасап жатырмыз", - деп атап көрсетті Испанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары