$ 494.87  520.65  4.91

Монополистердің меншігіндегі 26 компания мемлекетке қайтарылады

Мүлік мемлекеттік меншікке сыйға тарту тәртібімен – бюджеттен қаржылық шығынсыз қабылданады.

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамабаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде Экономиканы монополиядан арылту жөнінде арнайы комиссия құрылды және жұмыс істеп тұр. Қазірдің өзінде Комиссияның 25 отырысы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша бұрын жекешелендірілген және бәсекелес ортаға берілген нысаналардың ішінен мемлекет меншігіне беру үшін оларды іріктеу өлшемшарттары әзірленді.

Телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және қонақ үй бизнесі салаларында акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі акциялар пакеті мен қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік нысандары және ақшалай қаражат мемлекет меншігіне қабылданды.

Мүлік мемлекеттік меншікке сыйға тарту тәртібімен – бюджеттен қаржылық шығынсыз қабылданады. Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компанияны мемлекеттік меншікке беру процесінде. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады, - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары