14.12.2022, 11:00

Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеріп жатыр

Фото: newtimes.kz
25 жер қойнауын пайдаланушыға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді.

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл туралы Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сондай-ақ компанияның ішкі жұмысын қазіргі уақытта Бас прокуратура тексеріп жатқаны белгілі болды.

«Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізіліп жаты. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деді министр.

Бұдан бөлек, Қайырбек Өскенбаев заңсыз берілген кен орындарын қайтару бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жасалған 87 келісімшарттың 40-ы өз күшін жойып, 47 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарты қайтарып алынды. 25 жер қойнауын пайдаланушыға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді», - деді ведомство басшысы.