Кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлының төртінші баласы дүниеге келді. Танымал спортшы ұлына ерекше есім берген, деп жазады nur.kz.
Төртінші баласы туралы сүйінші хабарды боксшының өзі әлеуметтік желіде жариялады. "Аллаға шүкір, төртінші балам өмірге келді. Оны Хан деп атадым. Хан Жәнібек", - деп жазды боксшы жеке парақшасында.
Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін титулдық жекпе-жегін сәтті аяқтады. Лас-Вегаста өткен бокс кеші он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды. Бір қызығы, Жәнібектің жұбайы да бұған дейін бокспен шұғылданған.