$ 443.35  475.54  4.82

Көкшетауда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған миналар табылды

Ұлы Отан соғысы жылдарында "құпия" деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған.

Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 14 желтоқсанында "WhatsApp" мессенджерінің "Көкшетау экскаваторлары" топтық чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған.

Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты. Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды.

«Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында "құпия" деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған, ол аталған жер жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған», - дейді полиция өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары