$ 489.06  536.21  5.05

Келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болады

Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізуде.
Фото: qazaq1913.com
Фото: qazaq1913.com

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы аясында желілердің тозу көрсеткішін 2029 жылға қарай 20%-ке дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Тарифтік саясатты реформалау үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы пысықталуда. Ол салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Желілердің тозуын 20%-ке дейін төмендету көрсеткішіне 2029 жылға қарай қол жеткізу жоспарлануда.

Жаңа тарифтік саясаттың тәсілдеріне көшуді қамтамасыз ету тиісті жол картасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Қазіргі уақытта коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында инвестициялар көлемін ұлғайту үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер әзірленуде», – деді бірінші вице-министр.
Сондай-ақ ол халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қаралып жатқанын еске салды.

«Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізуде. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өседі.

Осы және де басқа өзгерістерді ескере отырып, алдағы уақытта Бағдарламаны өзектендіру үшін жаңа тәсілдер мемлекеттік органдармен пысықталуда», – деді Тимур Жақсылықов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары