Алланың үйіне ұрын кіріп, садақадан жиналған қаражатты ұрлап кеткен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Қоянды ауылының мешітіне сағат 11-12 шамасында бардым. Барып, соның ішінде жәшікте ақшаны күттім”, – дейді ол.
Мешітке түн ішінде пластикалық есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып жәшікте жатқан. Қауіп сейілген кезде, садақа салынған сейфтің есігін бұзған.
Сөйтіп 650 мың теңгені алып тайып тұрыпты. Көп кешікпей қолға түскен күдікті садақадан жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсағанын айтқан. Бұл азамат үшін мешіт тонау таңсық емес сияқты. Оңтүстіктен келіп Қосшы кентінде тұрып жатқан ол осымен бес мешітті үптеп кеткен екен.