Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан колонияда әлі жұмыс тапқан жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлы Өскемендегі №22 орта қауіпсіздік мекемесінде. Ол бұл жерге биыл қазанда келген. Әкімшілік өкілдері сотталушының мінездемесін әлі жасамаған, себебі ол заңмен белгіленген ең төменгі мерзімді өтемеген.
"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, сотталушының мінез-құлық дәрежесі мен тұлғалық ерекшеліктері мекемеде тоғыз айдан кейін қалыптасады. Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тәртіптік жазасы жоқ", - делінген ОКЖ төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиевтың қол қойылған ресми жауабында.
Сондай-ақ, Сатыбалдыұлының әлі жұмысқа орналаспағаны, оның денсаулық жағдайы туралы ақпараттың құпия екені айтылды.
"Қазір сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы №22 мекеменің кәсіпорындарында бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналасқан жоқ. Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, медициналық қызметкердің жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну дерегі, адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер және оны тексеру және емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясы", - деп толықтырды министрлік.
Еске салайық, бұған дейін Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарғанын хабарлаған едік. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.