$ 489.06  536.21  5.05

«Бөлшектеп сатуға тура келеді»: Министр заңдастырудан өтпейтін көліктер туралы айтты

Қайсар Сұлтанбаев тиісті заң жобасына өзгертулер енгізіліп жатқанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Биылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктер заңдастырылады. Бұл жайында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар  Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Заңдастыруға жатпайтын автомобильдерді елден тысқары шығару керек немесе бөлшектеп, сатып жіберу керек. Басқа жолын көрмей тұрмын», - деді ол.

Сұлтанбаев тиісті заң жобасына өзгертулер енгізіліп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіліп жатыр. Парламент Салық кодексіне заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде алым төлемін белгілеу бойынша алғашқы түзетулерді қабылдады. Заң жобасы аясында Экологиялық кодекске аталған автомобильдер үшін кәдеге жарату төлемінің күшін жою бөлігінде түзетулер енгізіледі», - деді ол.

Сондай-ақ ІІМ өкілі хабарлағандай, елде талап бойынша тіркелмеген көліктермен жүргендерге 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл әрекет қайталанса, 20 АЕК айыппұл салынып, кейін жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Заңдастыру кезінде жүргізушілерге автокөліктерін тіркеуге уақыт беріліп отыр. Ол аяқталған соң, әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары