$ 487.37  532.94  5.09

Экологтар «Арселор Миттал Теміртау» өкілдерінің баяндамасын құлақтарына лапша іліп отырып тыңдады

Теміртауды тұншықтырып отырған компанияның баяндамасы тұнып тұрған өтірік дейді олар.

Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының өкілдерімен кездескен экологтар ерекше перформанс жасады, деп хабарлады КТК арнасы. 

Теміртауды тұншықтырып отырған компанияның баяндамасы тұнып тұрған өтірік дейді олар.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы өкілінің баяндамасы жақсы, ал іс жүзінде жағдай мүлде басқаша, - дейді экологтар.

Баяндамаға сүйенсек, қоршаған ортаға шығатын эмиссия көлемі 2018 жылдан бері 19 пайызға азайыпты. Бірақ Теміртау төбесіндегі қара түтін сейілгенін тұрғындар сезініп отырған жоқ. Осы жылдың өзінде сол үшін оларға 6 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынған. Тамыз айында тіпті комбинатты тексеруге барған мемлекеттік экология испекторын табалдырығынан аттатпай, айды аспанға шығарған. Кездесуде компаниядағылар жылу орталығында модернизация жүріп, өндіріс мұржаларына сүзгілер орнатылып жатқанын айтты. Ал экологтардың перформансын баланың қылығына балады.  

"2018 жылмен салыстырғанда шығатын шаң-тозаң 20 пайызға азайды. Бұл жылына 5200 тонна қалдық. Оған дәлел ретінде барлық есеп- қисапты келтіре аламыз. Сіздердің мына қылықтарыңызды түсіне алмай отырмыз. Бұл жерде бәрі ақыл тоқтатқан адамдар отырмыз. Келелі кеңес өткізуге жиналғанбыз", - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық директоры Константин Цимбал. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары