$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда қайғылы жағдай болды

Үш адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында үш автокөлік түйісіп, Джип өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 16 желтоқсан күні түске таман Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Атырау-Орал жолының 393-шақырымында Жаңабұлақ ауылы тұсында Жаңақала ауданына кетіп бара жатқан 1994 жылғы жүргізуші Nissan Patrol (Джип) автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Содан кейін 1975 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан Форд Галакси, 36 жастағы ер адам рульде болған Ауди-100 автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан Джип көлігі жанып кетті. БҚО полиция департаментінің мәліметі бойынша үш адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, толық ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 12.04-те шақыртылды.

Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті. Алдын ала диагноз бойынша 1965 жылғы әйел бас пен мидың жабық жарақатын алған. 1974 жылғы әйелдің миы шайқалған.

Екеуі де санынан сынық жарақатын алған. 1974 жылғы ер адам бас пен мидың жабық жарақатына қоса маңдайын жырып алған.

1986 жылғы әйелдің иығы сынып, кеудесін соғып алған. Бәрі де Ақжайық аудандық ауруханасына түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары