$ 439.4  473.54  4.76

Дубайдағы Бурж Халифа ғимаратында Қазақстан туы бейнеленді

Бурж Халифа әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Әлемнің ең биік ғимараты Дубай қаласындағы Бурж Халифа қасбетінде Қазақстан туы бейнеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурдж-Халифа Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне жағылады. Ел халқына гүлдену мен бейбітшілік тілейміз», - деп құттықтады Бурдж-Халифа ғимаратының ресми парақшасы Instagram желісінде.

Сондай-ақ бұл жазбада Қазақстан әнұраны қоса шырқалады.

Айта кетейік, «Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары