17.12.2022, 12:11

Күйеуі қайтыс болған жас келіннің сәлем салғаны дұрыс па?

Бірі марқұмның жесірі сәлем салмайды десе, енді бір ол қазақтың дәстүрі, сәлем салуын жалғастыра береді дейді.

Отағасынан ерте айырылып қалған келіншектердің сәлем салу, салмауына қатысты қоғамда түрлі пікір бар. Экспресс К тілшісі осы мәселе бойынша белгілі этнограф Болат Бопайұлының пікірін білді. Әлеуметтік желіде күйеуі қайтыс болған келіндердің сәлем салу мәселесіне қатысты пікір екіге жарылған. Бірі марқұмның жесірі сәлем салмайды десе, енді бір ол қазақтың дәстүрі, сәлем салуын жалғастыра береді дейді. Ал этнограф Болат Бопайұлы ерінен ерте айырылған жас келіндерге қазақта бір жылға дейін сәлем салмауға рұқсат берілген дейді.

"Күйеуі қайтыс болған келіндер марқұмның жылдық асы өткенге дейін сәлем салмайды. Ал жылы өткеннен кейін оның қайнағасы бар, ата-енесі болса бұрынғы дәстүр бойынша сәлем салуын жалғастыра береді. Енді кетіп қалса, басқа күйеуге тиіп кетсе әңгіме басқаша. Жаңа шаңыраққа түскен келін ретінде ол жақта сәлем сала береді", — дейді Болат Бопайұлы.