Қазақстанның 4 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
18 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болады. 18 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 18 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында 18 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады. Күндіз 18 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Петропавлда 18 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.