18.12.2022, 20:30

Журналист Михаил Козачков ұсталды

Посттарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Михаил Козачковты ұстады, деп хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.

Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланды.

Өз кезегінде, Козачков құқық қорғау органдарында көп жылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовты ірі көлемдегі сыйақыға ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартты.

Соңғысы өзінің бұрынғы байланыстары арқылы ұйымасқан қылмыстық топтың қажеттіліктері үшін, сонымен қатар кейін жариялауға арналған айыптайтын ақпараттарды жинады.

Сонымен қатар, Жансейітов Козачковқа Телеграмм-каналын модерациялауға көмектесті, атап айтқанда, журналистің жарияланымдарының астына ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірігіп, комментарийлер орналастыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырды.

Посттарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған.

Тергеу барысында Жансейтов пен Козачковтың өз қызметтір үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденді.

Кәсіпкер Әбдіғаппаровтың шешесі Жүнісбековаға тиесілі «Есентай сити» жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады.

Бұл ретте журналист «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң талаптарын өрескел бұзды, өйткені кейбір жағдайларда ол көрінеу жалған мәліметтерді, сондай-ақ банктік, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпияға қатысты деректерді таратты.

Биылғы сәуірде кәсіпкер Абдуллаев Коспаевтың ұылмыстық топ мүшесі – Шалин Руслан тарапынан шыны ыдыстар шығаратын зауытты рейдерлік басып алу фактісі туралы жұртшылыққа жүгінді, олар заңды меншік иесін басқарудан шеттетуге тырысты.

Жолға қойылған схема бойынша, қылмыстық топтың мүддесі үшін әрекет ете отырып, Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақала жариялады. Бұл ретте Алматы облысы тұрғындарының алкоголь өнімімен улануы және жәбірленушінің қасақана кісі өлтіруге қатысы бар екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтер таратылды.

2022 жылдың шілде айының басында Қоспаевтың қылмыстық топ мүшелері қаржылық мониторинг органдары олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша жедел іс-шаралар мен тергеу жүргізіп жатқанын құқық қорғау органдарындағы дереккөздері арқылы білген. Жасалған қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылудан қорқып, топ мүшелері Танашев, Шалин, Коспаев Айдос, Козачков пен Жансейітовтың қатысуымен Елдос Коспаевтың үйлестіруімен тергеу органының беделін түсіру және оның жұмысына кедергі жасау жоспарын іске асырды.

Биылғы 12 шілдеде Алматы қаласында Жансейітов ұылмыстық топтың белсенді мүшесі - Айдос Коспаевқа бақылауды жүргізген жедел қызметкерлердің машинасының жолын бұғаттады.

Алдын ала дайындалған сценарий бойынша адвокаттар мен Козачков оқиға орнына келді, олар қорғаушыларды жасырын бақылауды әшкерелегені туралы жалған мәліметтерді көпшілікке тарата бастады.

Биллинг пен бақылау камераларын қолдану арқылы жедел машинаның сол күні немесе алдыңғы бірнеше күнде адвокаттардың жүру бағыты бойынша мүлдем қиылыспағаны сенімді түрде анықталды.

Козачков нақты деректердің бұрмалануымен байланысты жағдайды қылмыстық топ мүддесі үшін қамтып қана қоймай, олардың іс-әрекеттерін сол жерде үйлестірді және Коспаев Айдосқа бақылаудан жасырынуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде соңғысы іздеуге жарияланды.

Бұрын хабарланғандай, өзінің жазаға тартылмайтынын сезген Жансейітов, заңды ашық түрде таптап, бұзақылық әрекеттер жасап, құқық қорғау органы қызметкерінің денесін қасақана жарақаттаған.

Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, Коспаевтың ҰҚТ мүшелерінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.