Қарағандыдағы вокзал маңындағы алаңда жанжал болды. 17 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"19 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды", - делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан қашпақ болып, қызметтік көлікті соғып кеткен. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.
Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.