$ 483.23  534.74  5.12

«Көктайғақ, жел, бұрқасын»: 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман.

Қазгидромет 20 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары