20.12.2022, 11:00

Мбаппе Катардағы финалдан кейін алғаш рет пікір білдірді

Фото: Stefan Matzke - sampics/Corbis via Getty Images
«Біз ораламыз» деп жазды Килиан твиттер парақшасында.

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Катардағы әлем чемпионатының финалынан кейін алғаш рет пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Тартысты ойында жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде Аргентина құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Негізгі уақыт пен экстра-таймда қарсыластар үш голдан салды. Ал Мбаппе хет-трик авторы атанды.

«Біз ораламыз» деп жазды Килиан твиттер парақшасында.

Еске салайық, ПСЖ форварды аталмыш турнирде сегіз гол соғып, сұрмергендер көшін бастады.

Тегтер: Мбаппе