Ақмола облысы Есіл ауданы ауыл тұрғыны әйеліне оқ атып, ұлын ұрып-соғып, соңында өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Ақмола облысы Есіл ауданы ауылдарының бірінде болған. 60 жастағы ауыл тұрғыны өз-өзінің басына оқ атты.
Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары жұбайының басына оқ тигенін, сондай-ақ, марқұмды тоқтатуға тырысқан 20 жастағы ұлында дене жарақаттары бар екенін анықтады. Оқыс жағдайды полицияға марқұмның көршісі хабарлаған.
Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атты. Бұл ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелген.
Тергеу барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды.
Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні араларында ешқандай жанжал болған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда, полицейлер ер адамды осы қадамға итермелеген себептерді анықтауда.