Қазгидромет 21 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңетең және күндіз облыстың солтүтсік-жартысында екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.
Ұлытау облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар, күндіз облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады
Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман сақталады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, бұрқасын соғады
Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 21-22 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.