$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында бүтіндей бір ауыл сусыз қалды

Бірақ әкелген судың сапасына тұрғындардың көңілдері толмайды. Сондықтан олар тілшілік нәрін басқа елдімекендерден тасып әкелуде.

Абай облысы Бородулиха ауданында су құбыры жарылып, 400-ге жуық үй сусыз қалды. Тұрғындар мәселенің бір аптадан бері шешілмегенін айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Апат Қарөстелі ауылында болған. Алғашында мәселеге түсіністікпен қараған тұрғындар жауапты мамандар құбырды қалпына келтірер деген үмітте болған. 

Айта кету керек, аталған жағдайға байланысты елді мекенде су тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. Бірақ әкелген судың сапасына тұрғындардың көңілдері толмайды. Сондықтан олар тілшілік нәрін басқа елдімекендерден тасып әкелуде.

Қазіргі уақытта мамандар апат болған жерде тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Апатты жою мақсатында Белағаш топтық су құбырын пайдалану бойынша өндірістік учаскенің барлық техникасы мен жеке құрамы жұмылдырылған. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерінің мамандары мен қосымша құрал-жабдықтар да жіберілді", - деп хабарлады "Қазсушар" РМК-дан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары