Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао твиттердегі парақшасында қазақша жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Ол Генадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.
«Екі қазақстандық боксшыны жеңіп, әлемді билеймін. Менің тізімімде кейбір есімдер бар. Соларға қарсы кездесулерде мықтылығымды көрсеткім келеді», – деп жазды Фалькао.