Қазгидромет 22 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы қаласында тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігініде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болжанады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің батыс, оңтүстік, шығысында жел 25 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, желдің күші облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20м/с жетуі ықтимал.